Роман Скляр Airbus A321neo ұшағына қатысты жағдайға пікір білдірді

Индустрия
Фото: kapital.kz

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Эйр Астана» ұшағынан шыққан ақауға байланысты пікір білдірді.

Министр оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылғанын, тергеу нәтижесін қосымша хабарлайтынын айтты.

Айта кетейік, «Эйр Астана» компаниясының Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағы әуежайға қайтып оралған болатын. Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.

Ұшақ көкке көтерлігеннен кейін, қозғалтқыштың жұмыс параметрлерін көрсету жүйесіндегі ақаулық туралы дабыл қағылған. Ұшу қауіпсіздігі нұсқаулығына сәйкес экипаж ақауды реттеу үшін әуежайға қайту туралы шешім қабылдады. Ұшақты қондыру штатты режимде іске асырылды.