Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 млн астам қазақстандық банкрот деп танылуы мүмкін

1 млн астам қазақстандық банкрот деп танылуы мүмкін

Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz – «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңы аясында 1 миллионнан астам адам банкроттық рәсімдейді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, осы заң негізінде 1 млн 170 мыңнан асуы мүмкін.

«Біздің бағалауымыз бойынша олардың 1 млн 40 мыңы соттан тыс, ал 36 мыңнан астамы немесе 40 мыңға жуығы сот банкроттығына жүгінеді. Бұл - болжамға сәйкес күтілетін ең көп көлем», – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол азаматтарды банкрот деп тану – қарызды кешіру акциясы емес екендігін атап өтті.

«Банкроттық – әр азаматтың еркімен жүзеге асырылады. Мысалы, үшінші жақтағы тұлғалар өзге адам үшін банкроттықты қозғай алмайды. Бұл тек әр азаматтың еркі болуы керек. Себебі, банкроттық деген қарызды кешіру акциясы емес. Оны азаматтар түсінуі қажет. Өйткені, оның заңмен реттелетін өзінің салдары бар», – деді Біржанов.

Айта кетейік, банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен қатар 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды.

Похожие материалы