Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері қанша болады

1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері қанша болады

Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz – «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жарияланып, оған жуырда Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Заң 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді:

  • ең төменгі жалақы 70 000 теңге
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге
  • ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге
  • айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және көп еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5%-ға ұлғаюы көзделген.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,8%-ы мөлшерінде белгіленді.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге төленетін ақшалай өтемақының ай сайынғы мөлшері әскери қызметшілерге ((мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне 3 739 теңге мөлшерінде белгіленді.

Похожие материалы