Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы 21 желтоқсандағы жағдай бойынша 59 млрд теңгеге 14 006 шағын несие берілген (қалаларда – 13,6 млрд теңгеге 1 246, ауылдық жерлерде – 45,4 млрд теңгеге 12 760, қалалардағы шағын несиенің орташа мөлшері – 11 млн тг, ауылдық жерлерде – 3,5 млн тг құрады).
Мемлекет басшысының төртінші бастамасы аясында 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Соның нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 14 мыңнан астам адамға жетті.
Әрбір үшінші дерлік қарызға мемлекеттік кепілдік берілген.
Стартаптарға — 8 891 (63,5%), зәкірлік кооперацияны дамытуға — 1,007 (7,2%), жеке бизнесті кеңейтуге — 4 108 (29,3%) шағын несие берілген.
Шағын несие беру аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан 12 325 адам және 1 681 жұмыссыз азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады, сондай-ақ өз қызметтерін формализациялады.
Шағын несие алушылар қосымша 12 089 жұмыс орнын ашты.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 28,3 мың адам оқытылды, олардың 19,5 мың қатысушысы өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, 6,3 мың адам шағын несие алды.