Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 жылда медициналық сақтандыру қорына 80,6 млрд теңге жиналды

1 жылда медициналық сақтандыру қорына 80,6 млрд теңге жиналды

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – Сақтандыру жүйесі іске қосылғалы бері, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 80,6 млрд теңге жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір жыл толды. Өткен жылдың 1 шілдесі мен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта түскен жарнаның жалпы сомасы 80,6 млрд теңгеге жетті. Жарналар мен аударымдар барлығы 5 млн 952 мың адамның атына аударылған», - деді қордың басқарма төрайымы Елена Бахмутова.

Оның айтуынша, қор табыс пен шығынды теңгерімді пайдалану принципі бойынша жұмыс істейді.

«Қазіргі таңда қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің операторы. Қазір республикалық бюджеттен аталған көмекке бөлінген қаражатты мемлекеттік тапсырыс алған медицина ұйымдары арасында бөліске салып отыр. 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне 924 млрд теңге бөлінген», - деді Е.Бахмутова.

Похожие материалы