Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 жылда қанша қазақстандық елден кетті?

1 жылда қанша қазақстандық елден кетті?

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстаннан 41,9 мың адам кетті, ал 12,8 мың адам келді.

Сыртқы көші-қон сальдосы қайтадан теріс мәнде қалыптасты (-29,1 мың). ТМД-ға 37,7 мыңнан астам адам, ал басқа елдерге-4,1 мыңнан астам адам кетті. Ал Достастық елдерінен 10,1 мың адам, ал басқа елдерден 2,7 мың адам келген.

Елден кеткен азаматтардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 11%-ке (37,7 мың адам) өсті, ал келгендер саны 18%-ке (15,6 мың адам) төмендеді.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы Қазақстаннан 12,3 мың жоғары білімді маман кетіп, 2,3 мың маман келген. Арнайы орта оқу орындарынан 10,3 мың түлек елден кетіп, 2,6 мың адам келді. Жалпы орта мектептен 8,6 мың адам кетсе, 6,1 мың адам келді.

Өткен жылы шетелге тұрақты тұруға 14,4 мың, еңбек шарты бойынша 221 адам, басқа себептермен 16,6 мың адам кетті. Өз кезегінде, Қазақстанға тұрақты тұруға 7,4 мың адам, еңбек шарты бойынша – 68 адам, оқуға байланысты – 73 адам, ал басқа себептермен – 3,4 мың адам келді.

Похожие материалы