Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

10 долларлық купюраға әйелдің бейнесі салынбақ

10 долларлық купюраға әйелдің бейнесі салынбақ
АҚШ Қаржы министрлігі номиналы 10 доллар купюрада әйел адамның бейнесін орналастырмақшы деп хабарлайды CNN Money. Нақыт кімнің бейнесі салынатыны шешілген жоқ. Шешім дауыс беру арқылы шығатын болады. Жаңа купюралар 2020 жылға қарай шығады. Яғни, АҚШ конституциясына әйелдерге сайлауға қатысуға мүмкіндік берген өзгерістің 100 жылдығына қарай шығарылмақ. «Біз купюралар қолданысқа енгелі бері бірнеше рет ол жердегі бейнелерді өзгерттік. Мен 100 жылда алғаш рет 10 долларлық банкнотада әйелдің бейнесі тұратын мақтан тұтамын», — дейді америкалық қаржы министрлігінің басшысы Джейкоб Лью. Америкалық банкнотада бейнесі салынған соңғы әйел - АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның жұбайы Марта Вашингтон.  Ол банкнота күміс сертификат (АҚШ-та 1968 жылға дейін қазынашылық шығарған қағаз ақша түрі) болатын. Қолданылған мерзімі - 1891 жылдан 1896 жылға дейін. Қазіргі таңда номиналы 10 доллар банкнотада АҚШ-тың алғашқы қаржы министрі Александр Гамильтон тұр. Ол Вашингтонның кезінде қызмет еткен.

Похожие материалы