Экономика
10 пәтер, 4 жер учаскесі, 1 дүкен: «Mudarabah Capital» ісіне қатысты вайнерлердің мүліктері тәркіленді
Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz – «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті тергеліп жатыр. Бұл туралы арнайы брифингте Ішкі істер министрлігінің департамент басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Күдіктілердің ішінде білігілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов пен Әзизжан Саидбаев бар.
Қазір олардың және туыстарының мүлкі, атап айтқанда 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй мен 2 автокөлік тәркіленді.
«3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды», – деді Санжар Әділов.