Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 жылда такси қызметін пайдаланушылар саны 30%-ға өскен

1 жылда такси қызметін пайдаланушылар саны 30%-ға өскен

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы қаңтар-наурыз аралығында 5,5 миллиард жолаушы тасымалданған - бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Статистика комитеті наурызда қоғамдық көліктердің қанша жолаушы таситыны туралы мәлімет беруден бас тартты, өйткені олар құпия болып жарияланған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Алматыда іске асырылып жатқан көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың маршруттық желісін ұлғайту жалғасып жатыр. Маусым айында қала көшелеріне экологиялық газ отынымен 200 жаңа төмен еденді автобус шығады. Осы жылы барлығы 460 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар ауа баптау жүйесімен, пандустармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Жаңа жылжымалы құрам күту уақытын және қарбалас  сағаттарындағы маршруттардағы шамадан тыс жүктемені қысқартуға бағытталған.

Айта кетейік, қазір Алматы қаласының ресми интернет-ресурсының мәліметінше, «Алматыэлектротранс» ЖШС камералары арқылы жүргізушілерді бақылау жүргізіліп жатыр. Барлық ережебұзушылықтарды тәртіптік комиссия қарайды. Қаланың автобус паркін 80%-ға жаңарту мүмкін болды, оның ішінде  «Оңай» қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін енгізудің арқасында қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берген.

Жалпы, Алматыда жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында қаланың автобус паркі екі жыл ішінде 80 пайыздан аса жаңартылды, елдегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршеринг қызметі енгізілді, метро екі жаңа станциясының құрылысы және LRT жобасын іске асыру жалғасып жатыр. 

Таксиге деген қажеттілік айтарлықтай өсті: жылына 29,3% еселенеген, 1,3 миллиард жолаушы тасымалданды, сондай-ақ метроға жылына 15,1% еселенген, 4 миллион жолаушы тасымалданды.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында автобустарда жол жүру тек Ақтөбеде ғана (55-тен 80 теңгеге дейін, 45,5%-ға дейін) қымбаттады. Ең қымбат жол ақысы: Астана - 90 теңге және Алматы - 80 теңге.

Похожие материалы