Экономика
11 айда Қазақстан экономикасы 4,1% өсті
Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 4,1% құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
"Қаңтар-қарашада ЖІӨ өсімі туралы айтатын болсақ, үш ай бойы ЖІӨ тұрақты өсімі 4,1% деңгейінде сақталағандығын атап өту керек", - деді Т. Сүлейменов Үкімет отырысында.
Министрдің хабарлауынша, экономикалық өсудің негізгі факторлары "жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, сондай-ақ экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік" болды.
Қазақстан үкіметі елдің ЖІӨ-нің 2018 жылы 3,8% - ға өсуін болжайды.
Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4% - ға өскен.