Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа iPhone 12 қыркүйекте таныстырылады

Жаңа iPhone 12 қыркүйекте таныстырылады

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - iPhone 8 деп аталуы мүмкін Apple-дің жаңа смартфоны 12 қыркүйекте таныстырылады, деп жазады Mac4Ever.

Жаңа смартфон 5,8 дюймдік OLED-экранмен жабдықталады. Бұл Apple смартфондарының ішіндегі ір үлкені болмақ. IPhone 7 Plus экраны 5,5 дюйм.

Сарапшылар экран жиегі сызықсыз болады дейді. Сондай-ақ, Home тетігі болмайды, оның қызметін «виртуалды» тетік атқарады. Жаңа смартфонның жадысы 64 ГБ-512 ГБ аралығында болады деген ақпарат бар. Егер бұл шындыққа айналса жадысы жағынан рекорд ортнатқан телефон болмақ. Тағы бір таралған ақпарат – телефон сымсыз қуаттау құрылғысымен жабдықталмақ. Бағасы $1000 немесе $1100 басталады.

Бұған дейін iPhone 8-дің таныстырылымы уақыты кешігуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Себеп – техникалық проблемалар. Айта кетейік өндіруші компания мұны нақтыламады. Егер 12 қыркүйекте танысытырылым өтсе, жаңа смартфон 22 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.

Похожие материалы