Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

12 жастар Тараздық әнші «BalaTurkvizyon» конкурсының жартылай финалына қатысатын болды

12 жастар Тараздық әнші «BalaTurkvizyon» конкурсының жартылай финалына қатысатын болды
«BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының іріктеу туры Қазақстанның барлық өңірлерінде өтуде. Кеше Тараз қаласының Мәдениет үйінде белгілі әнші Дастан Оразбеков пен «ТТ» тобының мүшесі Парасат Ибраев, әнші  Динара  Қайырованың қатысуымен өткен іріктеу өтіп, жартылай финалға үміткердің есімі белгілі болды. Алматыдағы «Жұлдызды үйге» 12 жастағы жас әнші Думан Марат аттанатын болды. Ол басқа қалаларден келіп жатқан үміткерлер сияқты 2 апталық дайындықтан соң, 16-17 қыркүйекте  «Хабар» арнасының тікелей эфирінде өтетін ақтық сынға қатысады. Еске сала кетейік, бұл байқаудың жеңімпазы Түркіменстанның мары қаласында өтетін «BalaTurkvizyon» жаһандық конкурсында Қазақстан намысын қорғайды. Келесі іріктеу кезегі Алматы қаласына келіп жетті. 8 шілде күні Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан Алматылық үміткерді анықтайды. Еске сала кетейік, «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының негізгі бастамашысы  – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры.      

Похожие материалы