Экономика
Авто
12 жылда Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 248 млрд асты
Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - Қазақстан экономикасына инвестиция салған шетелдік инвесторлардың саны артып келеді. Соңғы 12 жылда тартылған қаражат көлемі 248 млрд доллардан асты деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Инвестициялық жағдайды жақсарту үшін Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, Ұлттық инвестициялық стратегия әзірледі. Бағдарлама 2018-2022 жылдары жүзеге асады. Қазіргі уақытқа дейін шетелдік бизнес капиталы, негізінен, өндіруші салаға бағытталса, енді өңдеу саласына басымдық беріледі.
ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышбаеваның айтуынша, корпоративті салық пен жер салығынан босату инвесторлардың көптеп келуіне әсер етті.
"Қарапайым ғана қосымша құн салығын алатын болсақ, инвестордың өндірген өнімінің өзіндік құнын азайтуға көмектеседі. Корпоративтік табыс салығынан босату, жер салығынан босату компанияның 10 жыл бойы қаржылық құралдарын көбейтіп алуына, біздің елде орналасуына ықпал етеді",-деді Айжан Мұқышбаева.
Бұған дейін Қытай қазақстандық компанияларға инвестиция салатындығы туралы ақпара шыққан еді.