Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Солтүстік Кореяға вакцина жеткізуді ұсынды

Ресей Солтүстік Кореяға вакцина жеткізуді ұсынды

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – Ресей билігі Солтүстік Кореяға коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі-дәрмек жеткізу мәселесін ұсынды. Алайда әзірге ешқандай жауап алған жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Одан бөлек, Ресей тарапы Солтүстік Кореяға өз мамандарын жіберу жайын да ұсынды.

«Корей билігі коронавирус эпидемиясын еңсеруге Ресейден көмек сұраған жоқ. Біз тек өз тарапымыздан вакцина, дәрі-дәрмек және тестілеу жүйесін жеткізу мәселесін ұсындық. Оған қоса, ресейлік мамандарды да жіберу жайын айттық», - деп мәлімдеді Ресейдің сол елдегі елшілігі.

Ұсынысқа әзірге ешқандай жауап болмағаны айтылады. Ал егер Солтүстік Корея билігі Ресей ұсынысын қабыл алса, ресейліктер ол жұмысты жылдам әрі өте тиімді жасап береміз деп мәлімдепті.

Бұған дейін Солтүстік Кореяға көмек беру туралы ұсынысты ең жақын көршісі Оңтүстік Корея да айтқан. Алайда оған да Пхеньян тарапынан ешқандай жауап болмады.

Похожие материалы