Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы базарларында тексеріс жүргізілді

Алматы базарларында тексеріс жүргізілді

Алматы базарларын мемлекеттік табыс комитетінің (МТК) қызметкерлері тексерістен өткізді деп хабарлайды КазТАГ.

«Астана қаласынан МТК қызметкерлері келіп жеке кәсіпкер куәлігі мен касса аппаратының бар-жоғын тексеріп кетті. Көптеген кәсіпкерлердің касса аппараттары болмағандықтан, бізге осы олқылықтың орнын толтырға бір апта уақыт берді», — дейді атын атамауды өтінген кәсіпкерлердің бірі. Әңгіме барысында ол шетелдіктердің, соның ішінде Қытай азаматтарының тексеріс келмес бұрын бутиктерін жауып тастағандықтарын айтты. Себебі, оларда тиісті құжаттар жоқ. «Егер кассалық аппарат болмаса, базар басшылығына 60 мың теңге төлейтінмін. Ал, кассалық аппарат орнататын болсам, салық төлейтін боламын. Ешқандай айырмашылық жоқ. Біреудің қалтасына кеткенше, мемлекетке кетсін», - дейді кәсіпкер. Мемлекеттік табыс комитетінің жүздеген қызметкерлері Алматы қаласындағы кәсіпкерлікпен айналысатын компанияларды тексеріп, көлеңкелі табыстарды анықтау үшін жіберілген.

Похожие материалы