Экономика
14 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz - Он төртінші қарашаға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды.
Мұнай: АҚШ президенті Дональд Трамтың мәлімдемесінен кейін, эталонды маркалы мұнай бағалары төмендеуін жалғастырды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайының қаңтар фьючерстерінің құны 21:27-де 2,73 долларға(3,89%) арзандап, баррелі 67,39 долларды құрады. Нью-йорктегі (NYMEX) тауар биржасында WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері бұл уақытта 2,56 долларға (4,27%) арзандап, баррелі 57,37 доллар болды.
Металл: Алтын бағасы төмендей түсті. 22:18-де, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 2 долларға арзандап (0,17%), бір троялық унциясы 1204,40 долларға сатылды. Күмістің фьючерстері 0,51%-ға қымбаттап, бір троя унциясы 14,05 долларға бағаланды.
Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 22:14-те bitcoin 6 351,43 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,77%-ға арзандап, капитализациясы 110,35 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 1,28%-ға арзандап, 208,62 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 21,52 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 211,21 млрд доллар.