Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

146 мың қазақстандық өтемақы алу үшін депозиттерін қайта рәсімдеді

146 мың қазақстандық өтемақы алу үшін депозиттерін қайта рәсімдеді

2015 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша 146 мың салымшы өтемақы алу үшін депозиттерін қайта рәсімдеді. Банктерде депозиттерді қайта рәсімдеуге берілген 129 мыңнан аса өтініш бар деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №157 қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес өтемақы салымшыға 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында теңгемен ашылған депозит болған кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте депозит бойынша банк шотындағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс", - делінген хабарламада. Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №177 қаулысымен Тәртіпке өзгерістер бекітілді, оларға сәйкес банктердің салымшылардан өтініштер қабылдау мерзімі қоса алғанда 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. Осыған байланысты Тәртіп шеңберінде өтемақы алу үшін салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде депозиті бар банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш беруі қажет.  

Похожие материалы