Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

15 мың қазақстандық электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапты

15 мың қазақстандық электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс тапты

Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін журналистердің электронды еңбек биржасының жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді.

Президент Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің және онлайн интернет алаңдардың өзара іс-қимылы үшін тегін бірыңғай цифрлық платформа ретінде құрылған Бірыңғай электронды еңбек биржасы қызмет көрсетеді.

«Бүгінде электронды еңбек биржасы іске қосылған. Біз шамамен өткен айда 8 мың бос жұмыс орнынан бастадық. Қазіргі таңда электронды еңбек биржасында 25,5 мыңға жуық бос жұмыс орны орналастырылған. Биржа арқылы 15 мыңнан астам адам жұмыс тапты», — деді Светлана Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ, электронды еңбек биржасының жұмыс істеу перспективаларын атап өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап биржа өнеркәсіптік пайдалануға беріледі — оған елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталығы қосылады.

«Электронды еңбек биржасы жұмыспен қамту орталықтарынан бос орындар туралы ақпарат алады, сонымен қатар жұмыс берушілерден бос орындар туралы ақпарат алып, жариялайды», — деп қорытындылады вице-министр.

Сондай-ақ, жаңа жылдың екінші тоқсанында бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды жеңілдетілген түрде тіркеу модулін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл тетік пысықталып жатыр.

Похожие материалы