Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

15 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары

15 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары
Алматы. 15 қараша. 7kun.kz - Он бесінші қарашаға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды. Мұнай: Эталонды маркалы мұнай бағалары көтеріле бастады. Бұл туралы investing.com хабарлады. Солтүстік теңізде Brent қоспа мұнайының қаңтар фьючерстерінің құны 22:31-де 3,89%-ға қымбаттап, баррелі 66,49 долларды құрады. WTI мұнайының фьючерстері 4,27%-ға қымбаттап, баррелі 56,48 доллар болды. Металл: Алтын бағасы көтерілді. 22:18-де, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 4,20 долларға қымбаттап (3,89%), бір троялық унциясы 1203,50  долларға сатылды. Күмістің  фьючерстері 0,56%-ға қымбаттап,  бір троя унциясы 14 долларға бағаланды. Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 21:58-де  bitcoin 6226,41 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 2,14%-ға арзандап,  капитализациясы 108,1 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 6,61%-ға арзандап, 194,92 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 20,1 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 202,1 млрд доллар.

Похожие материалы