Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

16 қарашаға арналған алтын және мұнай бағамдары анықталды

16 қарашаға арналған алтын және мұнай бағамдары анықталды
Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - Он алтыншы қарашаға арналған алтын және мұнай бағамдарының бағалары анықталды. Мұнай: Эталонды маркалы мұнай бағалары көтерілуін жалғастырды. Солтүстік теңіздегі Brent қоспа мұнайының қаңтар фьючерстерінің құны 23:31-де 1,13%-ға қымбаттап, баррелі 66,85 долларды құрады. WTI мұнайының фьючерстері 0,85%-ға қымбаттап, баррелі 56,73 доллар болды. Металл: АҚШ-тағы сауда қорытындысы бойынша, алтын фючерстерінің құны өсуін жалғастырды. 01:25-те, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 1,32%-ға қымбаттап, бір троялық унциясы 1 215  долларға сатылды. Күмістің желтоқсандағы фьючерстері 2,46%-ға қымбаттап,  бір троя унциясы 14,295 долларға бағаланды. Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 23:58-де  bitcoin 5 628,93 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 1,76%-ға арзандап,  капитализациясы 97,81 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,91%-ға арзандап, 180,17 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 18,6 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 186,02 млрд доллар.

Похожие материалы