
Көлік жүргізушілері Днепрден Польша Республикасына қарай шыққанын хабарлаған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сонымен қатар, бүгін 2 жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті.
Ұлттық палатаның мәліметтері бойынша, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты, соның ішінде 4 жүргізуші Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетіп, қазір Беларусь аумағы арқылы Қазақстанға бет алды.
«Атамекен» ҰКП мәліметіне сәйкес 2022 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша 35 ірі жүк көлік жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.