Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

17 мыңнан аса елордалық студентке жатақханадан орын керек

17 мыңнан аса елордалық студентке жатақханадан орын керек

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жатақханаларға қажеттілік 17 636 орынды құрайды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады.

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынға жаңа студенттер жатақханалары пайдалануға берілуі тиіс. Бибігүл Асылова айтуынша, Қазақстан астанасында студенттер жатақханасын салу үшін 16 жер телімі бөлінді.

«2 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 5-уі әзірлену үстінде. 710 орынға екі келісім жасалды және 4964 орынға 5 келісім келіссөздер сатысында. 370 орындық ҚазГЗУ жатақханасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар  340 орындық басқару колледжінің реконструкциясы жасалуда. Биыл олар пайдалануға беріледі», — деді Б. Асылова.

Сонымен қатар, осы жылдың үшінші тоқсанында үш жатақхана реконструкцияланады. Олар — басқару колледжінің, «Астана» медициналық университетінің және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жатақханалары.

Асылованың хабарлауынша, жатақханалардың меншіктегі екеніне немесе МЖӘ қатысуымен салынғанына қарамастан, барлық жатақханалар бойынша қызмет көрсету және пайдалану шығындарын ЖОО немесе колледждің өзі көтереді.

«Бұл оның тікелей шығындары. Студенттерге шығындар шартты алғанда шәкіртақы көлемінің 10%-нан аспайды. Бұл аз ғана минимум, 10 мың теңге шамасында, ал орта есеппен алғанда, тұру шығындарының өзіндік құны 35 мың теңгеге дейін құрайды. Бұл олардың міндеттері», — деді вице-министр.

Похожие материалы