Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

170 млрд теңгеге ҚТЖ облигацияларын сатып алушы белгілі болды

170 млрд теңгеге ҚТЖ облигацияларын сатып алушы белгілі болды

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазан айында 170 млрд теңгеге "Қазақстан темір жолы" облигацияларын сатып алды.

Еске сала кетейік, 3 қазанда ҚТЖ Қазақстан қор биржасында құнды қағаздарды орналастырып, 300 миллиард теңге тартты.

Ұлттық банк компанияның қағаздарын сатып алу фактісін растады.

"2019 жылдың 3 қазанында БЖЗҚ 170 млрд теңге сомасына зейнетақы активтері 15 жыл айналым мерзімімен және жылдық 11,5% сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстан темір жолы" облигацияларын инвестициялады", - деп атап өтті қадағалау ведомствосында.

Похожие материалы