Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

18 жасқа дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады

18 жасқа дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады

Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – 18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналуы мүмкін деген сұраққа президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, президенттің бастамасымен балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

«Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады», – деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы шотына Ұлттық қордан ақша аударылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында мәлімдеді.

Похожие материалы