Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

186 мыңнан астам алматылықтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымы бар

186 мыңнан астам алматылықтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымы бар

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Қазіргі уақытта Алматы қаласының 186 214 тұрғыны болашақ баспаналары үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қаражат жинақтауда. Бүгінде олардың шотындағы қаражат мөлшері 108,8 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері 1 000 қала тұрғыны өз қоныс тойларын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мәліметі бойынша, 2019 жылдың басында нарықтағы ипотекалық несиелендіру бойынша банктің үлесі 43%-ті құрады. Тұрғын үйді несиелендіруге бөлінген 1,6 трлн теңгенің 669,5 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне берілген. Қазіргі сәтте банктегі несие саны 121 600. Аталған заемның төрттен бірі кірісі 50 мыңнан 100 мың аралығындағы қарыз алушыларға берілген. Ал, несиенің тағы 22%-і айлық табысы 100 мыңнан 150 мың  теңгеге дейінгілерге тиесілі.

«Қазақстандықтардың ішінде әсіресе алматылықтар өз баспаналары үшін белсенді түрде қаражат жинауда және сол арқылы қолжетімді шарттар бойынша заемдар алуда. Олар үшін біз арнайы Алматы қаласының орталығы саналатын Алмалы ауданында банктің жаңа бөлімшесін ашуды жөн көрдік. Жаңа бөлімшеге келген қала тұрғындары үшін енді толықтай қызмет түрлері ұсынылады. Олар депозит ашумен қатар, заемды ресімдеп, несие алуларына болады. Сондай-ақ, бөлімшеде банк менеджерлерінен басқа нотариус та қызмет көрсетеді. Бұл клиенттердің уақыттарын үнемдеуге және барлық қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова.

Оның айтуынша, заемның басым бөлігі – 94,1%-і банк клиенттеріне пәтерлер мен жеке үйлер сатып алуға, 4%-і  – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 1,2%-і үй салуға, тағы 0,7%-і жер телімін сатып алуға беріледі.

Әсіресе, қала тұрғындары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы екі бөлмелік пәтерлерді сатып алуда.

Похожие материалы