Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазақ елі» сериалының қаржылық мәселесі әлі шешілмепті

«Қазақ елі» сериалының қаржылық мәселесі әлі шешілмепті

Интернетте «Қазақ елі» сериалының мәселесі туралы аудиожазба пайда болды. Онда ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының даусына ұқсас адам мен «Қазақфильм» өкілдері сериалға қажетті қаражат мәселесін талқылайды. Киностудия  өкілдері қаражаттың аз екенін, құжаттардың әлі дайын еместігін, мұның салдарынан үлкен көлемдегі қаражаттың киностудияға жетпей отырғанын айтып шағымданады. Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлының даусына ұқсас адам бұл мәселе туралы баспасөз мәслихатын өткізу керектігін ұсынады.

Аудиожазбада сериалдың режиссері Рүстем Әбдіраштың даусына ұқсас үн естіліп қалады. Ол «Халықаралық шу? Ең төменгі баға. Маған не, тегін істеуді ұсынасыз ба? Мен күні-түні жұмыс істегелі алты ай болды...» деп шағымданады. Жазбадағы дауға қарағанда сериалды түсіру мәселесі әлі шешілмеген, жақын арада шешілмейтін сияқты.

Бұған дейін 10 сериялық фильм үшін 1 млрд 25 миллион теңге бөлінетіндігі туралы ақпар тараған еді. Жыл басынан бері «Қазақфильмге» 400 млн теңге ғана бөлінген. Қаржы мәселесіне байланысты түсірілім шілдеден тамыз-қыркүйекке шегерілген еді. Тамыз біткен тұста  ақша мәселесі әлі шешілмегені анық болып отыр.

Аудиожазбаны 25 тамыз күні youtube.com-ға John Smith есімді қолданушы салған.

Похожие материалы