Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГазды бағаны төмендетуге мәжбүрледі

ҚазМұнайГазды бағаны төмендетуге мәжбүрледі

Ұлттық экономика министрлігі қалыпты монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне АИ-95 маркалы жанармайының бағасының көтерілу себебін анықтауды тапсырды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ірі жанар-жағармай бекеттерінің иелеріне АИ-92/93 маркалы жанармайдың баға белгіленімі және Аи-95 маркалы жанармайының бағасын көтеру себептеріне туралы ақпарат беруін сұраған жарлық қағаз жіберді. Нәтижесінде "ҚазМұнайГаз Өнімдері" Аи-92/93 маркалы жанармайының бағасын литріне 125 теңгеге дейін, Аи-95 маркалы жанармайының бағасы литріне 136 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Министрліктің хабарлауынша, өзге ірі компаниялармен жұмыс жалғасып жатыр. Қалыпты монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімдеріне бағаға алдын-ала келісім жасап, заңсыз бәсекелестікке жол берілмеуін қадағалауды тапсырды. Ал жанар-жағармай бекеттерін монополияға қарсы заңды бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

Похожие материалы