Келер екі-үш жыл ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің арасында роуминг жойылуы мүмкін деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергенов.
"Қазіргі кезде осы жұмыстармен айналысып жатқан жұмыс тобы құрылды. Бұл бірқатар заңнамалық нормалар мен заңға тәуелді актілерді өзгертуге қатысты болған соң, біраз уақыт қажет. Біз жүргізген алдын ала есептеулер бойынша бұл шамамен 2-3 жыл уақыт алады. Біз осы мерзім ішінде мәселені шешуге тырысып жатырмыз", - деді ол журналистермен болған кездесуде.
"Еуропалық тәжірибеге қарасақ, олар 2015 жылдан бастап роумингтен бас тарта бастады. Еуропа бұл мәселені шешті деп айтсақ болады. Сол себепті, менің ойымша, біз де монополияға қарсы органмен бірігіп бұл мәселенің шешімін табамыз", - деп түйіндеді ол.