Экономика
2 млн теңге пара алды деген күдікпен «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары ұсталды
Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – «Қазпошта» АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.