Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2014 жылы Алматы облысында әлеуметтік салаға 8,6 млрд теңге бөлінген

2014 жылы Алматы облысында әлеуметтік салаға 8,6 млрд теңге бөлінген
Алматы облысында 2014 жылы әлеуметтік салаға 8,6 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күнге оның 6,2 млрд. теңгесі игерілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысындағы бөлімшесінде өткен брифинг барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжанов айтты. Басқарма басшысының айтуынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жол, ауыз су сияқты инфрақұрылымдық 49 жобаны іске асыру көзделген, бүгінгі күні соның 25-інің жөндеу жұмыстары аяқтаған. Осы жобалар негізінде 715 адам жұмыспен қамтылып, соның 54 % жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. Екінші бағыт бойынша жыл басынан бері 609 адамға 1339,2 млн. теңге шағын несиелер беріліп, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Сол сияқты әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Фото facebook.com әлеуметтік желісінен алынды

Похожие материалы