2014 жылы әлемде ірі көлемде жасалатын қайырымдылықтың көлемі 24,5 млрд долларды құрады
2014 жылы құны 1 миллион доллардан асатын ірі көлемдегі қайырымдылықтың жалпы көлемі 24,5 миллард долларды құрады. Алайда бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 миллиард долларға аз. Осылайша 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда қайырымдылық көлемі 10 пайызға азайған. Бұл туралы Million Dollar Donors есебінде айтылды.
Өткен жылы құны 1 миллион доллардан асатын 1,8 мың қайырымдылық жарна жасалған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 2 мыңды құраған еді. Қайырымдылық жарнаның көлемі АҚШ, Ресей, Сингапур, Таяу Шығыста азайса, Ұлыбритания, Қытай мен Гонконг тұрғындары қайырымдылықжасауды көбейткен. Сарапшылар қайырымдылық көлемінің азаюына рубльдің құнсыздануымен байланыстырады.
Есепте айтылғандай қайырымдылық көмектің басым бөлігін компаниялар жасаған. Сондай-ақ, әлем бойынша жаслаған қайырымдылықтың үштен бір бөлігі немесе 7,6 млрд доллар жоғары оқу орындарына берілген. Сондай-ақ қайырымдылық жааушылардың басым бөлігі өзі өмір сүретін өңірлерге бергенді жөн деп тапқан. Тек Таяу Шығыстатың қайырымды жандары ғана басқа өңірлерге беруді қалаған. Олар қайырымдылық жарнасының 96 пайызы немесе 900 миллион доллар басқа аймақтарға жіберген. Сондай-ақ таяу шығыстың филантороптары ең көп мөлшердегі қайырымдылықты жасаушылар санатына енген. Бұл өңірде өткен жылы әрқайсысы 100 миллион доллардан асатын ең ірі үш қайырымдылық көмегі жасалған.
Фото:pravmir.ru