Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2014 жылы RBK банкі таза пайданы 63,4%-ға арттырды

2014 жылы RBK банкі таза пайданы 63,4%-ға арттырды

2014 жылы "Bank RBK" АҚ таза пайдасы 2013 жылмен салыстырғанда 63,4%-ға, 2,48 млрд теңгеге дейін артқан. Бұл ретте, таза пайзыдық табыс 79,8%-ға, 14,69 млрд теңгеге дейін жоғарылады делінген бейсенбі күні жарияланған банктің қаржылық есептілігінде.

Осы кезең ішінде Bank RBK активтерінің көлемі 2,3 есе, 518,56 млрд теңгеге дейін өсті. Міндеттемелер көлемі де өсім көрсетті - 2,2 есе, 462,27 млрд теңгеге дейін. Банк капиталы 3,4 есе, 56,29 млрд теңгеге дейін өсті.

Құнсыздануға қарсы резервтерді құруға қатысты банк шығыны 78,7%-ға, 6,47 млрд теңгеге дейін өсті. Банктің әкімшілік шығыны 62,4%-ға, 8,03 млрд теңгеге дейін артты.

Банктің бір қарапайым акциясының теңгерімдік құны шамамен жартысына, 17 181 теңгеге дейін өсті. Артықшылықты акцияның құны өзгермеді - 10 000 теңге.

Похожие материалы