Экономика
2014 жылы әуе жүк тасымалының көлемі айтарлықтай артты
Әлемнің әуе компаниялары 2014 жылы жүк тасымалдау көлемін 4,5% жоғарылатты деп хабарлайды Халықаралық әуе транспорты ассоциациясы(IATA).
Өсу қарқыны 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылады делінген хабарламада. Ал, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 1,5% төмендеу байқалған болатын.
«Соңғы бірнеше жылдағы тоқыраудан кейін әуе тасымалы қайта өсіп жатыр. Бұл 2014 жылдың екінші жарты жылдығындағы әлемдік сауда көлемінің жоғарылауымен байланысты», - деді IATA бас директоры Тони Тайлер.
Әлемнің барлық аймақтары өткен жылы сұраныстың жоғарылауын көрсетті. Оның ішінде Азия-Тынық мұхит аймағы(+5,4%) және Таяу Шығыс(+11%).
Солтүстік Америкада 2014 жылы өсім 2,4%-ды, ал Еуропада - 2%, Латын Америкасында - 0,1%, Африкада - 6,7%-ды құрады.
2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2014 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіш 4,9%-ға өсті.
IATA ғаламадық әуе жүк тасымалының 84% құрайтын 250 әуе компаниясын ұсынып отыр.