Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Келесі жылы инфляция деңгейі артады

Келесі жылы инфляция деңгейі артады

Үкімет 6-8% деп жоспарлаған инфляция дәлізі келесі жылы арта түседі. Ұлттық банк осы параметрлерді реттеу үшін жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Биылғы жылы жоспарланған 6-8% инфляция дәлізі арта түседі", - деді Ақышев. «Бізде инфляция деңгейі 2015 жылдың тамыз айына дейін 5%-дан төмен болды. Ол ақша ұсынысының азаюымен, экономикалық монетизацияның қысқаруымен байланысты болды. Нәтижесінде қазір мемлекетте несие алу төмендеп жатыр», - деді Ұлттық банк басшысы. «Сондықтан біз инфляция деңгейін қалыпты ұстап, 2016 жылы 6-8% дәлізінде реттеуіміз керек. Алдағы уақытта үкіметпен бірлесе жұмыс істеп, аталған баға деңгейін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз », - деп түйіндеді ол. Фото: informburo.kz

Похожие материалы