Экономика
Экономика1
2015 жылдың үшінші тоқсанында көмірдің бағасы 11%-ға арзандады
2015 жылдың үшінші тоқсанында көмірдің бағасы 11%-ға төмендеді. Бұл соңғы 8 жыл ішіндегі ең минимал баға. Бағаның арзандауынан көмір өндіруші компанияларға қысым түсіп отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Көмір бағасының төмендеуінің негізгі себептерінің бірі- Қытай саясатының таза отын түріне өтуі мен оларың өз өндірістік компанияларын сақтап қалуы болып отыр.
Сондай-ақ, басқа шикізат нарығындағыдай көмір нарығында да ұсыныс артып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл факторлар 2016 жылы да осы жылғыдай бағаның қайта нығаймайтынын көрсетеді дейді. Platts ақпараты бойынша көмірдің 1 тоннаға 52,95 доллар болып түсуі, соңғы 8 жыл ішіндегі ең арзан баға болып отыр.
Көмір нарығының әлсіреуі, көмір өндіруші компанияларға қысым түсірді. Айта кетсек, Glencore Plc компаниясы көмір операцияларын кеңейту барысында үлкен қарызға батқан. Осы аптада Glencore акциялары рекордтық төмен бағаға арзандады.
Goldman Sachs сарапшылары көмір бағасын 12%-ға дейін түседі деп болжауда. Олар энергетикалық көмірдің бағасы 2018-жылдың соңына дейін түседі десе, кокстық көмірдің бағасы 2017-жылға дейін тұрақты болады деп күтуде.