Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 67 918 теңгені құрады

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс 67 918 теңгені құрады

2015 жылдың 3-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 67 918 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 4,0%-ға өсімі кезінде 2014 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 8,3%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. 2015 жылдың 3-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Астана қаласында, Атырау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды. Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 37-43% төмен. 2015 жылдың 3-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,5 есені құрады (2014 жылғы 3-тоқсанда – 3,5 есе). k30-12-2015-1 Фото:ru.tsn.ua

Похожие материалы