Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы Африка елдеріне 193 млрд доллар инвестиция салынады

2015 жылы Африка елдеріне 193 млрд доллар инвестиция салынады

2015 жылы Африка елдеріндегі экономикалық даму өсімі орташа қарқынмен 4,5%, 2016 жылы 5%-ды құрайды. Бұл туралы экономикалық серіктестік және даму ұйымы, Африкалық даму банкі және БҰҰ-ның даму бағдарламасының жыл сайынғы есебінде жарияланған деп хабарлайды Еуроньюс.

Құжатта құрлықтың түрлі аймақтарындағы экономикалық өсімнің бірдей емес екендігі жазылған. Шығыс Африка елдеріндегі ЖІӨ көрсеткіші 5,6%-ға, ал эбола эпидемиясына шалдыққан Батыс Африка елдерінде ЖІӨ 5%-ға өседі. ОАР экономикасы өсімінің жоғары деңгейде қалуына әсер етіп келе жатқан Оңтүстік Африка елдерінің экономикалық даму қарқыны баяулап жатыр. ЖІӨ-нің көбею көрсеткіші 3,1% құрайды. Баяндамада жазылғандай, осы жылы африкалық елдерге келетін инвестиция көлемі 193 млрд долларды құрауы қажет.

Похожие материалы