Экономика
2015 жылы ай сайынғы орташа табыс 61 997 теңгені құрады
2015 жылдың 1-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 61 997 теңгені құрады. Тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 6,2%-ға өсуіне байланысты бұл көрсеткіш 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика коитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2015 жылдың 1-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысы және Алматы мен Астана қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 28-40% төмен.
2015 жылдың 1-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы ара қатынас 3,4 есе өзгешеленеді (2014 жылғы 1 тоқсанда - 3,8 есе).
Ақпарат көзі: Қазақпарат