Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімін баяулатады

2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімін баяулатады

Азия даму банкі (АДБ) 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1,9%-ға дейін баяулап, 2016 жылы 3,8%-ға дейін жоғарылай түседі деген болжам жасады. Бұл туралы банк сайтында жарияланған Asian Development Outlook шолуында айтылған.

"Мұнайдың төмен бағасы және Ресей Федерациясындағы құлдырау кезеңі 2014 жылы Орталық Азиядағы өсімді 1,5%-ға, 5,1%-ға дейін төмендетті. 2015 жылы өсім қарқыны Қазақстанда, Түркменстанда және Өзбекстанда төмендейді деп күтілуде.

2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1,9%-ға баяулап, 2016 жылы 3,8%-ға дейін жоғарылайды деген болжам жасалды", - деп айтылады шолуда.

2014 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4,3%-ға өскен еді.

Похожие материалы