Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы KASE-дегі биржалық сауда көлемі 97%-ға өсті

2015 жылы KASE-дегі биржалық сауда көлемі 97%-ға өсті

2015 жылы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) биржалық сауда көлемі 97%-ға өсіп, 92 трлн теңгеге дейін артты. Негізгі өсім шетел валюталарына қатысты сауданың екі есе жоғарылауымен байланысты. Бұл туралы бейсенбі күні биржаның баспасөз конференциясында KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк мәлімдеді.

Дегенмен 2015 жылы валюталық спот нарығында негативті жағдай орын алды. 99%-ды құрайтын АҚШ долларына қатысты сауда көлемі 22,4%-ға төмендеп,12,4 трлн теңгеге құлдырады. Ал қытай юаньына қатысты сауда 2,9 есеге өссе, ресейлік рубльге қатысты сауда 56,5%-ға артып, 18,2 млрд рубльге дейін жоғарылады.

Сондай-ақ, акциялар бойынша мамандандырылған сауда көлемі "БАСТ" АҚ акцияларының ІРО-ға өткізілуі, «Майкубен Вест Холдинг» АҚ акцияларының сатылуы және "Қазақстанның Халық банкі" АҚ жеке акцияларын сатып алу арқылы  36,6 млрд теңгеге артты. Алайда, нарықтағы ең өтімдісі «KEGOC-тың» жай акциялары болды. Осыған қатысты  келісім жасалды.

Ал нарықтағы ұжымдық облигациялардың сауда көлемі 1,22 трлн теңгеге жетті. Сауданың көпшілігі квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен банк облигациялары арқылы жүргізілген. Екінші нарықтағы сауда көлемі 15,4 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың соңында KASE-нің сауда тізімінде 140 эмитенттің 568-ге жуық құнды қағаздарының аты тіркелді.

2016 жылдың бірінші тоқсанындағы биржа саудасының көлемі 24,4 трлн теңге болды. Қаржы нарығында курс құбылмалығының төмендеуіне байланысты валюталық операциялар төмендеді.

«Осы жылдың бірінші тоқсанында ұлттық валюта нығайған соң қаржы нарығында теңгеге сұраныс артты. Ақпан-наурыз айында KASE индекстерінің орташа өсу жылдамдығы 100%-ға тең болды. Осыған байланысты  нарыққа қатысушылар акцияларды таңдады.   KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары 72,4%-ға, «KEGOC» акциялары - 12,9%-ға «ҚазТрансОйл» акциялары 12,2%-ға өсті», - деді Андрей Цалюк.

Похожие материалы