Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы әлемдік экономикаға көбірек мұнай қажет болады

2015 жылы әлемдік экономикаға көбірек мұнай қажет болады
 

Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) 2015 және 2016 жылдары мұнайға әлемдік сұраныс өседі деген болжамын жариялады. Бұл жөнінде lsm.kz хабарлады.

ХЭА 2015 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 94,4 млн баррельге (б/т) деп болжап отыр. Осыған дейін агенттік тамыз айында мұнайға деген сұраныс тәулігіне 94,2 млн баррель (б/т) болады деген еді. 2016 жылғы сұраныс болжамы бойынша, тәулігіне 200 мың  баррельден артып, 95,8 млн-ға жетеді. 2014 жылға қарағанда 2015 жыл аралығындағы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1,7 млн баррель болды. Бұл - соңғы 5 жылдағы жоғарғы көрсеткіш. 2016 жылы қара алтынға деген сұраныс баға  арзандауы мен макроэкономикалық көрсеткіштің әлсіреуіне байланысты болады. ХЭА ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің, оның ішінде АҚШ пен Ресейдің, мұнай бағасының арзандап, тәулігіне 500 мың барелльге жететіндігінен, мұнай өндірулері төмендейді деп болжам жасады. Жалпы алғанда, мұнай өндірудің соңғы 20 жылындағы ең төменгі көрсеткіш 2016 жыл болады. АҚШ, Ресей және Солтүстік теңіздегі мұнай өндірудің азаюы салдарынан, ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттерде мұнай бағасы тәулігіне 55,7 млн баррельге төмендейді. 2016 жылы АҚШ-та тақтатас мұнай өндіруі тәулігіне 400 мың баррельге азаяды.  

Похожие материалы