Экономика
IT, Технология
2015 жылы мобильдік құрылғылар контентіне кететін әлемдік шығын - 300 млрд доллар
Мобильді құрылғыларға арналған контенттің әлемдік шығын 2015 жылы 12%-ға өсіп, 300 млрд АҚШ долларын құрайтын болады деген болжам жасап отыр Strategy Analytics компаниясы. Яғни, контент дегеніміз - мобильдік интернет төлемі, қосымшалар, музыка, видео, рингтондар және де мобильдік жарнамалар.
Сарапшылар 2021 жылға қарай аталған сома 425 млрд долларға дейін өсуі мүмкін дейді.
Мобильді құрылғылар контентіне кететін шығынның өсуі - смартфонды қолданушылар санының өсуіне байланысты. Сонымен қатар, жоғары жылдамдықтағы желілердің дамуы мен дәстүрлі интернет-контентке сұраныстың азаюы да осыған себеп болып отыр.
Одан бөлек, компаниялар өз өнімдері мен қызметтерін көбіне мобильдік құрылғы қолданушылары арасында жарнамалайды. Сарапшылардың есебінше, 2015 жылы мобильдік жарнамаға кеткен шығын компаниялардың жалпы интернет-жарнамаға бөлінетін соманың 24%-ын құрауы мүмкін.