Экономика
Экономика1
2015 жылы Қазақстанның Ресейге мұнай жеткізілімі 38 есеге артқан
2015 жылы Қазақстан Ресейге 2,3 млн тонна көлемінде шикі мұнай және мұнай өнімдерін жеткізген. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 59,4 мың тонна болған еді, деп хабарлайды статистика комитеті.
Осылайша, 2015 жылғы Ресейге тасымалданған шикі мұнай көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 38,5 есеге артты.
Сонымен қатар, мұнай экспортының көлемі ақшалай эквивалентте 25,7 есеге артып, 607 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 23,6 млн көлемінде болған еді.
2015 жылы ТМД елдеріне жеткізілген қазақстандық мұнай көлемі 10,3 есеге көтерілген және 2,5 млн тонна мұнай сатылған. Ал, 2014 жылы 241,5 мың тонна мұнай сатылған.
Фото: jrsl.ca