«Биылғы жылдың 10 айындағы ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады», - деді Е.Бакенов.
Ол ЕАЭО мүше елдердің экономикаларының жалпы көлемі 2,2 трлн доллардан асатынын айтты. Одақтың барлық мүше елдерінің сыртқы сауда айналымы 1 трлн доллардан асты.
«Біз ЕАЭО осындай күрделі экономикалық жағдайда дамуға қосымша серпін болу үшін маңызды элементтердің бірі болады деп есептейміз. Жалпы, Кедендік одақ жұмыс жасай бастағалы бері Қазақстанның КО бойынша серіктестерімен тауар айналымы 1,6 есе өсті: 2009 жылы 13 млрд доллардан - бұл КО қалыптасқан кезең, 2014 жылы 21 млрд-қа дейін», - деп нақтылады Е.Бакенов.
Оның айтуынша, одақ жұмыс жасай бастағалы бері Кедендік одақ елдеріне қазақстандық экспорттың барлық көлеміндегі өңделген тауарлар үлесі 45-тен 58% дейін артқан.
Фото: caravan.kz