Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы "Реал","Барселона" және "Манчестер Юнайтед" әрқайсысы 500 млн еуро табыс тапқан

2015 жылы "Реал","Барселона" және "Манчестер Юнайтед" әрқайсысы 500 млн еуро табыс тапқан

Deloitte компаниясының құрастырған рейтингі  бойынша 2015 жылы әрқайсысы 500 млн еуро табыс тапқан футбол клубтары болып тізімді испандық "Реал", "Барселона" және ағылшындық «Манчестер Юнайтед»  бастап тұр.  

Табысы бойынша біріншілікті 11 жыл бойы «Реал» клубы иеленіп келеді.  Клубтың 2015 жылғы табысы - 577 млн еуро. Екінші орында «Барселона» футбол клубы тұр. Оның өткен жылғы табысы 560,8 млн еуроны құрады. Ал «Манчестер Юнайтед» клубы 519,5 млн еуро табыс тауып, үшінші орыннан көрінді.

Айта кету керек, тарихта алғаш рет үш футбол клубының да табыстары 500 млн еуродан асқан.

Әлемдегі ең бай 20 футбол клубтарының табыстарының жиынтығы 6,6 млрд еуроны құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  8%-ға артық. Ең бай футбол клубтарының үздің ондығына "Пари Сен-Жермен" (480,8 млн еуро), «Бавария» (474 млн еуро), «Манчестер Сити» (463,5 млн еуро), «Арсенал» (435,5 млн еуро), «Челси» (420 млн еуро), «Ливерпуль» (391,8 млн еуро) және «Ювентус» (323,9 млн еуро) кіреді.

Фото:vk.com

Похожие материалы