Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы республика бюджеті 7 трлн теңгеден асты

2015 жылы республика бюджеті 7 трлн теңгеден асты

Қазақсан Республикасының бюджеті 7 трлн теңгеден астам сомаға игерілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Ағымдағы жыл бюджетінің игерілуіне уақытылы және дәл деп сипаттама беруге болады. Жыл соңына дейін қалған төрт жұмыс күнінде 161 млрд теңгеге бюджеттік операция жасау қалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге кем», - деді Б.Сұлтанов. Министрдің мәліметінше, бүгінде бюджет 7 трлн теңгеден астам сомада игерілді. «Бүгінде бюджеттің орындалуы бойынша әр құжатпен жеке-жеке жұмыс істегендіктен, 2015 жылы көрсеткіш 100%-ға жақын деңгейде болады деп айтуға болады. Өткен жылы республикалық бюджеттің 40 млрд теңгесі игерілмей қалса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе төмен - 15-20 млрд теңге шамасында. Оның үстіне бұл қомақты қаржының басым бөлігі төтенше жағдайларға, шұғыл қажеттіліктерге бағытталған», - деп түсіндірді министр. Фото: politica-ua.com

Похожие материалы