Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылға таяу Шығыс Қазақстанда 40 сүт тауарының фермасы ашылады

2016 жылға таяу Шығыс Қазақстанда 40 сүт тауарының фермасы ашылады

2016 жылға таман Шығыс Қазақстанда 37 сүт тауарларының фермасы мен сүт қабылдау пунктін құру жоспарланып отыр деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов.

"Аймақтың сүт қабылдайтын пунктері әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс. Қазіргі таңда біздің азаматтар тұтынатын сүт өнімдерінің 40%-ы шет елдерден әкелінеді. 37 сүт тауарларының фермасы мен сүт қабылдау пунктін ұйымдастыру жергілікті өндірісті 54%-ға толықтырады. Сол себепті адамдар өз аймағының өнімін пайдаланатындай жағдай тудыруымыз керек", - деді Д.Ахметов халықтан сүтті сатып алуды және сүт тауарларының фермаларын құруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі арнайы кеңес барысында.

Аталған фермалар мен пунктердің құрылуы 2016 жылға дейін жоспарланып отыр.

"9 сүт тауарларының фермасы жаңадан салынды, қалғандары реконструкциядан өтеді",- деп нақтылады әкім.

Оның айтуынша, облыстың 12 ауданындағы 115 ауылдың тұрғындары сүтті арнайы қабылдау пунктеріне тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Похожие материалы