Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдан бастап бірыңғай мектеп формасы енгізілмек

2016 жылдан бастап бірыңғай мектеп формасы енгізілмек

2016 жылдан бастап бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы заңды Парламент депутаттары қарап жатыр. Жейде, галстук, пенжак және жәкеттердің түсі де, түрі де бірдей болуы тиіс деп хабарлайды Хабар.

Аталған мәселе төңірігенде Парламент депутаттары мамырдан бері кеңесіп келеді. Мәжіліс депутаттары мектепке арналған бірыңғай форма енгізген дұрыс деп отыр. Аслан Сәрінжіпов бастаған топ бірнеше ай ішінде заң жобасын жасап, қарауға ұсынды. Әлібек Шоқпаров, ҚР БҒМ баспасөз хатшысы:  — Мектеп формасы барлық жерге жаппай міндеттелетін болады. Бұндай шешім қабылдау арқылы біріншіден, әлеуметтік, мүліктік теңсіздіктерді жоюды көздеп отырмыз. Осылайша білім беру мекемелерінің имиджін де көтеруге болады. Балалар әрі ыңғайлы әрі мәдениетке сай киінулері қажет. Таңдау ата-аналардың еркінде болады дейді БҒМ. Бірыңғай түс пен үлгіні ел болып анықтаймыз. Ол үшін әр аймақтағы белсенді ата-аналар мен ұстаздарды жұмылдырамыз. Мектеп формасының бірыңғай түрі әрі кеткенде келесі оқу жылында қабылданатын болады. Бүгінде бірыңғай үлгіде киім киетін мектептер компанияны таңдап, сол жерден тіктіріп жүр. Ол үшін ата-ананың ақшасы кетіп жатыр. Тігін шеберханаларымен келісім жасасатын да ата-аналар комитеті. Ұлдарға арналған мектеп формасы 30 мың теңге, қыздар үшін 40 мың теңге. Базарда да, дүкендерде де, тапсырыс қабылдайтын компанияларда да осындай баға. Министрліктің айтуынша, мектеп тарапынан тек түс пен үлгі көрсетіледі. Ал, қай жерден сатып алатынын немесе тіктіретінін ата-ана өзі шешеді.

Похожие материалы