Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың соңына дейін Қашағанда  шамамен 1 млн тонна мұнай өндіріледі

2016 жылдың соңына дейін Қашағанда  шамамен 1 млн тонна мұнай өндіріледі
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz Осы жылдың соңына дейін  Қашаған кен орнынан шамамен  1 млн тонна мұнай өндіріледі деп мәлімдейді энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Бұл туралы kapital.kz  хабарлайды. «Жылдың басынан бері өндірілген мұнай  шамамен 750 мың  тонна.  Жыл  соңына дейін  1 млн тоннаға дейін мұнай  өндіру жоспарланып отыр. Ол Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталады», -деп хабарлады министрлік басшысы. Осыған дейін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі  Қашаған кен орнындағы тәуліктік өндіріс 100-120 мың баррель екенін хабарлаған. Энергетика вице-министрі  Мағзум Мырзағалиевтің айтуынша егер бір баррельдің бағасы 100 долларға өссе, Қашаған кен орны бюджетке 2041 жылға  дейін  77 млрд доллар табыс әкеледі. Қара алтын бағасы 50 долларды құрайтын болса, жоба аяқталғанға дейінгі пайда 25 млрд доллар болмақ. Қашаған- Қазақстанның ірі теңіз мұнай газ кен орны, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан. 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап кен орнында коммерциялық өндіруді бастады.

Динара БЕКЕТОВА "7"

Похожие материалы