Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың ақпанында ұлттық валютадағы депозит көлемі 5,6% артты

2016 жылдың ақпанында ұлттық валютадағы депозит көлемі 5,6% артты

2016 жылдың ақпан айында резиденттердің банктердегі депозит көлемі 16 191,3 млрд теңгені құрап, бір ай ішінде 2%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Депозит көлемінің төмендеуі теңгені айырбастау бағамының ұлғаюымен байланысты болып отыр.

Сонымен, заңды тұлғалардың депозиті - 9 266,0 млрд теңгені (бір ай ішінде 1,7%-ға төмендеген), жеке тұлғалардікі – 6 925,3 млрд теңгені (2,5%-ға төмен) құрады.

Ал ұлттық валютадағы депозит - 5 259,5 млрд теңге (өсім - 5,6%), шетел валютасындағы депозит  – 10 931,7 млрд теңге (5,3%-ға төмен) болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 30,1%-дан 32,5%-ға өскен.

2016 жылдың ақпанында мерзімді депозиттер 2,5%-ға төмендеп, 12 002,0 млрд теңгеге азайды. Аталған депозит бойынша ұлттық валютадағы салым 3 356,6 млрд теңге (өсім - 5,5%), шетел валютасында – 8 645,4 млрд теңге (5,3%-ға төмен) болды.

Айта кетейік, осы жылдың ақпанында банктік емес заңды тұлғалар үшін ұлттық валютадағы мерзімді депозиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 15,4%-ды, ал жеке тұлғалар үшін 11,5%-ды құрады.

Похожие материалы